ҰБТ-ның жаңа форматы

Мұнайлы Атыраудан – «Астанаға»!

19 маусым 2017

«ЭКСПО - 2017» халықаралық  мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінен жасақталған алғашқы құрам Астанаға аттанды.

Университеттен көрмені тамашалау үшін  барлығы 1100  адамды, оның ішінде 921 студент және 123 профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді факультет бойынша 4 топқа бөліп жіберу жоспарланған. – Астана қаласында өтіп жатырған «ЭКСПО - 2017» халықаралық  мамандандырылған көрмесі еліміз үшін маңызды оқиға. Бұл көрме «жасыл технологиялар» мен энергияның баламалы көздерін дамытуға, энергия үнемдеу мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Елімізде болып жатырған орасан зор оқиғаны көру үшін университетіміздің профессор-оқытушылары мен студенттерінің алғашқы легі жолға шықты, сәт-сапар тілейміз. Әрбір қазақстандық азамат үшін «ЭКСПО» көрмесіне қатысу үлкен абырой деп ойлаймын. Алда әлі көрмеге баратын 3 құрам бар, бұл студенттеріміз бен оқытушыларымызға жасалған үлкен мүмкіндік, – дейді Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ғылым жөніндегі проректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлы.                                                                                  Айта кету керек, 15 маусым күні алғашқылардың бірі болып «Атырау-Астана» жүрдек пойызымен жолға шыққандар – университетіміздің физика, математика және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ инновациялық білім беру факультеті студенттері мен профессор-оқытушылары болды.          

- Группаластарыммен, достарыммен экранның бер жағынан көрген ғажайып дүниемізді өз көзімізбен тамашалауға мүмкіндік берген университетіме алғысымды айтамын. Менің «Экспо-2017» көрмесінен  күтерім мол, - деді 1 курс студенті Айбибі Жақсылық.