ҰБТ-ның жаңа форматы

Министр Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтті

01 маусым 2017

Министр ҚР БҒМ-нің қызметі мен ведомствоның алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелеп, жұртшылықты қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ аймақ тұрғындарына бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылды.

Бұған қоса шара барысында кері байланыс орнату үшін министрлік қызметкерлерінен құрылған хатшылық жұмыс жасады. Ынта білдіргендер БҒМ құзыретіне жататын түрлі сауалдары бойынша көмектер мен кеңестер ала алды.

Есеп беру кездесуі Астана қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік (бас ғимараты) корпусында, ҚР Тұңғыш Президенті залында өтті.