ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР ҰҒА-ның 70-жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салатанатты сессиясы өтеді

20 ақпан 2017

22 ақпан 2017 жылы сағат 11-00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратында (Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі., 110) Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ҚР ҰҒА-ның 70-жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салатанатты сессиясы өтеді.

Сессия жұмысына академиктер, корреспондент-мүшелері, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшелері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ директорлары, елдің көрнекті қоғамдық және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар – ғылым академиялары президенттері Ресей Федерациясынан Фортов В.Е., Қырғызстаннан Эркебаев А.Э., Грузиядан Квеситадзе Г.И., Молдовадан Дука Г.Г., Татарстаннан Салахов М.Х., Беларусь ҰҒА Президиумы Төрағасының орынбасары – Килин С.Я., Украина ҰҒА Вице-президенті – Кошечко В.Г., Өзбекстан ҒА жалпы және бейорганикалық химия Институтының директоры – Закиров Б.С., Әзірбайжан ҰҒА Төралқа әкімшілігінің Ғылым және білім беру басқармасының бастығы – Садыгов А., Тәжікстан Республикасы ҒА академигі – Илолов М.И., Elsevier басқарма төрағасы және стратегиялық даму жетекшісі, Relax group директорлар кеңесінің мүшесі – Йонг Сук Чи, ҚХР-ның Алматы қ. Бас консулы – Чжан Вэй және т.б. көтеген делегциялар қатысады.

Сессияға Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаев қатысады.

ҚР ҰҒА президенті М. Жұрыновтың «Қазақстанның ғылымы, мәдениеті және экономикасының дамуындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының рөлі» баяндамасы тыңдалады.

Сессияда шетелдік ғылым академиялары делегациялары мен отандық ғылыми мекемелер жетекшілері сөз сөйлейді.

ҰҒА Жалпы жиналысы сессиясы жұмысы аяқталған соң мерекелік концерт болады.

Аккредиттеу уақыты 2017 жылғы 20 ақпандағы сағат 10.00-ге дейін келесі нөмірлер бойынша +7 (727) 272-55-61; +7 (727) 261-00-25; 87757772791; 87051206419;

E-mail: nanrk.mzh@mail.ru, k.presssluzhba@edu.gov.kz