ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР БҒМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылатын «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында ғалымдар мен өнертапқыштарға арналған грант алуға конк

03 наурыз 2017

Үстіміздегі жылдың 1 наурызында аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына (АҒҚТ/КҒҚТ) арналған гранттық бағдарлама аясында технологияларды коммерцияландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Байқауға инновациялық технологиялары әзірлеудің соңғы сатысындағы және жоғары коммерциялық әлеуетке ие ғалымдар қатыса алады. Байқау «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (ӨИЫЖ) іске асыру аясында ҚР БҒМ Ғылым комитетімен өткізіледі.

Жоба аясында үш гранттық бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылған: ғалымдар топтарына және технологиялық стартаптар жасауға арналған гранттар, PhD зерттеулерге арналған гранттар және өндірістік консорциумдар мен инклюзивті инновациялар консорциуымын жасауға арналған гранттар. Сонымен қатар, жобамен отандық технологияларды коммерцияландыру нарығында тиісті экожүйені жасау – жеке меншікті инвесторды тарта отырып, ерте қаржыландырудың венчурлық қорын жасау (егіс инвестициялары), технологиялық брокерлер институтын  енгізу, қазақстандық ЖОО-лар жанынан технологияларды коммерцияландыру институтын енгізу қарастырылған. Мұнымен қоса, инновациялық саясатты үйлестіру мақсатында Қазақстанның инновациялық белсенділігін мониторингтеудің бойынша алаң жасау жоспарланған.

 

Жарияланған гранттық бағдарламаның мақсаты қазақстандық ғалымдар мен бизнесмендердің ғылыми еңбектерінің келешегі бар нәтижелерін коммерцияландырудың дисциплинааралық командаларын қолдау болып табылады. Бағдарлама отандық ғалымдардың өндіріспен, отандық және жаһандық нарықтармен байланысты нығайтуға бағдарланған ғылымның басымды бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған.

 

Технологияның нарыққа шығу әзірлігіне, бизнес әріптесінің немесе инвесторының (инвессторларының) және/немесе технологияға тапсырыс берушісінің (тапсырыс берушілердің) болуына басымдылық беріледі. Халықаралық серіктестік Қазақстандағы ҒЗТКЖ-нің сапасы мен өзектілігін арттыру үшін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан, конкурсқа гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін халықаралық топтар қатыса алады.

 

«Қажетті бәсекелес ортамен қамтамасыз ету және әлеуетті табысты жобаларды барынша қамту үшін қатысушыларға ешқандай шектеу қойылмайды. Өтінімдерді портал арқылы беру өтінім берушілер үшін бұл процесті барынша мөлдір және қолайлы етеді, – дейді жоба директорының орынбасары Мұрат Сартбаев. – Ғалымдар жұмыс істейтін ғылыми ұйымдарды емес, олардың өзін қаржыландыру біздің гранттық бағдарламаның тартымдылығын арттырады».

 

Жобаларды іріктеумен және мониторингтеумен Халықаралық ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңес (ХҒКК) айналысады. Оның құрамына 9 белгілі ғалым мен венчурлік капиталист кіреді. Бұл ретте кеңестің екі мүшесі – Қазақстанның өкілі. ХҒКК жобаларды іріктеумен, сондай-ақ жобалардың ақырғы нәтижесіне қол жеткізу мақсатында мониторингті жүзеге асырады.

 

Аталған гранттық бағдарламалар бойынша технологияларды коммерцияландыруды іске асыру кезеңі үш жылдан аспауы керек. Топтың штатындағы қызметкерлер саны 7 адамнан аспауы қажет, кіші жоба басшысын қоса алғанда оның құрамының 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Гранттың көлемі АҒҚТ үшін 230 млн. теңгеден, КҒҚТ үшін 180 млн. теңгеден аспауы тиіс.

 

Іріктеуді Халықаралық ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелері екі сатылы іріктеу кезеңі арқылы жүргізеді. Іріктеу процесі жайлы толық ақпаратты АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 03 сәуірде Астана уақытымен 18.00-де аяқталады. Байқаудың шарттары мен талаптары АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықта www.fpip.kz ресми сайтында көрсетілген.

 

Айта кетейік, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру дегеніміз пайда алу мақсатында жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару арқылы зияткерлік меншік нәтижелерін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ін іс жүзінде пайдаланумен байланысты қызмет.

 

Жобаны сәтті аяқтаудың нәтижесі технологияларды коммерцияландырудың төмендегі үш формасының біріне қол жеткізу болып табылады:

  1. сатулар арқылы компанияны өзін-өзі қамтамасыз етуге шығару;
  2. жеке меншікті сектордан инвестициялар тарту;
  3. технологияларды сату бойынша лицензиялық келісімдер жасау.