ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР БҒМ Балалар үйі жанындағы бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесінің бірінші отырысы өтті

10 наурыз 2017

2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр Бибигүл Амангелдіқызының қатысуымен барлық аймақтардың қосылуымен бейнеконференция режимінде балалар үйі жанындағы бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті.

Осылайша балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды және балалар мүддесінде қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасу алаңдарының құралы ретінде еліміздегі барлық бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесінің жұмысы басталды.

Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау қоры, қабылдаушы ата-аналар ассоциациясы, басқару органдары (оның ішінде құқық қорғау органдары), партия және «Атамекен» ҰКП мүшелері енген.

Негізгі мақсат – мекемелердегі балалардың өмірін жақсарту, балалар құқықтарының бұзылу фактілеріне өз уақытында жауап қату, сондай-ақ балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларына беру бойынша жұмыстарды жетілдіру үшін шаралар қабылдау.

Балалар үйі жанындағы бірыңғай республикалық қамқоршылар кеңесінің жұмысы туралы ақпараттар интернет-ресурстарда, балалар үйінің сайттарында, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жарияланатын болады.

Сонымен қатар, балалардың отбасында тәрбиелену құқығын жүзеге асыру үшін жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Қамқоршылар кеңесі уәкілетті органдармен бірлесе отырып, бала қабылдайтын отбасыларды дайындау бойынша талаптарды, сондай-ақ балаларды балалар үйінен қабылдайтын отбасыға беруді дайындаудың тиімді тәсілдерін әзірлейді.

Қазақстанда баланы өз отбасында тәрбиелеуге алғысы келетін отбасылар үшін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың республикалық мәліметтер базасы құрылған және жұмыс істейді.  

Ата-ана қамқорлығыныз қалған баланы Қазақстан азаматтарының отбасына орналастыру нысандарының тәжірибесін кеңейту үшін заңнамамен орналастырудың жаңа түрлері анықталды – бала қабылдайтын отбасы, бала қонақтайтын отбасы (каникул кезеңдерінде, демалыс және мереке күндері балаларды уақытша орналастыру түрі).

Бұл шаралар баланы отбасында тәрбиелеуге алғысы келетін қазақстандықтар санының артуы үшін ынталандыру болып табылады. Республикамызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны жылдан жылға азаюда, өткен жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған ұйымдарда 8066 бала тәрбиеленсе, 2017 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 7236 болды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюына байланысты арнайы мекемелер желісі де қысқаруда. 2015 жылғы кезеңде жетім балаларға арналған ұйымдар жүйесі 48 бірлікке қысқарды (188-ден 140 қа дейін).