ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР 16 мыңыншы азаматы білім беру депозитін ашты

29 желтоқсан 2016

2016 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 16 мыңыншы азаматы Мемлекеттік  білім беру жинақтау  жүйесі  (МБЖЖ) бойынша білім беру депозитін ашты.

Статистика көрсеткендей, МБЖЖ-ға деген сенім артып келеді. Мемлекеттік бағдарлама ашылғаннан бері үш жылдың ішінде 7,8 млрд. теңге сомасын құрайтын 16000 салымшы бар.

МБЖЖ– бұл жаңа қаржылық құрал, оның арқасында ҚР әрбір азаматының өз мүмкіндігі шегінде қатысушы банкте білім беру жинақтау депозитін ашу, техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қаражат жинақтау мүмкіндігі бар.

Бұл депозиттің негізгі басымдылығы –банк және мемлекеттік сыйақысының есебінен 19-21 % мөлшерінде табыс әкелуінде.

«Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимовтың айтуы бойынша, компания жұмысы білім алушылардың 20-30%-ның МБЖЖ бағдарламасының шеңберінде  жоғары білім алуына бағытталған.

Бұл білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін дамыту арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуларына алдағы уақытта қолжетімділігін қамтамасыз етеді.