ҰБТ-ның жаңа форматы

Кентау политехникалық колледж - “Alageum Electric” компаниясының құрылымдық бөлімшелердің бірі

25 мамыр 2017

Кентау политехникалық колледж - “Alageum Electric” компаниясының құрылымдық бөлімшелердің бірі. Колледж 2011 ж. желтоқсан айында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ негізінде құрылды. Бүгінгі таңда электромашина жасау, есеп және аудит, автоматтандыру және басқару, құрылыс саласында мамандарды дайындайтын колледжде 470 студент білім алып отыр. Дәрістердің алғашқы күндерінен бастап студенттер «Кентау трансформатор зауыты» АҚ территориясында тәжірибеден өтіп жатады, осының арқасында студенттерге бір уақытта теориялық білімдерді және тәжірибелік қабілеттерді алуға мүмкіндік жасалынады.

Колледж озық құралдармен және интерактивті оқыту жүйелерімен жасақталған 22 заманауи оқу кабинеттермен және зертханалармен жабдықталған. Жаратылыс-математикалық циклінің кабинеттері, физика, химия, математика зертханалары, мультимедиялық кабинет, қашықтықтан оқытудың интерактивті залы бар. Оқу-өндірістік тәжірибені жүргізуге келісім-шарттар жасалынған.

Колледждің оқу жоспарларымен тәжірибелік сабақтардың 70-80% уақытын тікелей "Кентау трансформатор зауыты" АҚ өндірісінде жүргізу көзделген. Бүкіл Қазақстанда орналасқан «Alageum Electric» басқарушы компанияның 18-ден астам бөлімшелерінде тәжірибені ұйымдастыруға, одан әрі жұмыспен қаматамасыз етуге жағдайлар жасалынған.

Ұстаз мықты болған сайын, студенттің білімі тереңірек болады. Мұндай қағиданы колледж басшылығы оқытушылар құрамын таңдау кезінде ұстанады. Колледжде жаңа идеяларымен тәсілдері бар жас мамандармен білім беруде және тәрбие жұмысы жағынан тәжірибесі мол жоғары білікті педагогтар ұжымы жұмыс атқарады.

Колледж базасында робототехника, радиоэлектроника, электроқұралдарды құру, ағылшын, орыс тілі, шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел және үлкен теннис бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.

КПК бас миссиясы - жоғары білікті маманды дайындау және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осының негізінде КПК студенттері үнемі мейірімділік іс-шараларды жүргізіп отырады. Мысал үшін, колледж студенттері облыс бойынша алғашқылардың бірі болып "Жақыныңа көмектес" акциясын өткізді. Осы акция барысында қажетті киімдер жиналды: балалардың, ересектердің киімі, үй керек-жарақтары. Демеушілер жұмылдырылды. Барлық киім, керек-жарақтар қаланың табысы аз азаматтарға таратылды.

Колледж студенттері Жеңістің 70 жылдығының қарсанында өз қаражаттарымен және өз күшімен ҰОС ардагері Мұхамеджан Исмаиловтың пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап берді. Ардагерді құттықтау, сыйлықтарды табыстау колледждің Студенттік Кеңесіне жыл сайынғы дәстүрге айналды. Сонымен қатар колледж студенттері барлық қалалық іс-шараларға белсенді қатысады.

Колледжде оқу мемлекеттік грант бойынша стипендияны тағайындай отырып және коммерциялық негізде күндізгі және сырттай түрде жүргізіледі

 

 

КЕНТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

  • ТжКБ мекемелерінде дуальді оқытуды ендіру Бұйрығына және «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ (ҚР БҒМ), «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және Кентау политехникалық колледжі арасындағы Үшжақты келісімге сәйкес колледжімізде барлық мамандықтар бойынша 100% дуальді оқыту жүйсі ендірілген.
  • Колледж «Alageumelectric» ХК тарапынан лайықты әлеуметтік қолдауға ие.
  • Дуальді оқыту бойынша заннамалық базаға енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпорындарда жалақыны алып отырып және еңбек стажы жазылып тәжірибелік оқытудан өтуге үшжақты келісім жасау көзделген. Бүгін осы мүмкіндікті компания кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған бітіруші топ студенттері қолданып отыр.
  • Түлектерді «Alageumelectric» ХК барлық құрылымдық бөлімшелерінде 100% жұмыспен қамтамасыз ету.
  • Педагогикалық құрам біліктілігін ТжКБ жүйесі бойынша үздіксіз жоғарылату.
  • Кентау политехникалық колледжі «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ-нің серіктес колледждердің жиырмасына кірді, колледж ТжКБ заңнамасы саласындағы барлық жаңалықтардан үнемі хабардар болады.
  • 2016 жылдан бастап колледж оқытушылары «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ-ның штаттан тыс тренерлері болып табылады.
  • Өндіріс орындарда ақылы тәжірибеден өту мүмкіндігі.
  • Бүгінгі күні колледж студенттердің өндірістік тәжірибелердің өтілуі жөнінде көптеген кәсіпорындармен ұзақмерзімді келісім-шарт жасады:

«Кентаурансформатор за»

«Алматинский электромеханический завод»

ЖШС «Онтүстік жарық», ЖШС«НУР-СТРОЙ»

  •  

ЖШС«Шымкентский завод металлоконструкций».

Арнайы пәндердің ағылшын тілінде жүргізілуі.

  • Үштілдік бағдарлама аясында орыс және ағылшын тілдердің тереңдетілген оқытылуы.
  • Жыл сайын WorldSkillsKazakhstan кәсіпқой шеберлігі бойынша халықаралық чемпионатында қатысуы, мұнда біздің студенттеріміз сөзсіз жүлделі орындарды жеңіп алып жүреді.
  • Барлық жарыстарға, сайыстарға, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға максималды қатысуы.
  • Колледже онкүндіктердің, ашық есіктер күні (кәсіби бағдарлау жұмысы, колледжде және заводта экскурсияларды жүргізу, қала мектептері және жақын маңындағы ауылдар мектептері арасында сайыстардың жүргізілуі) жиі ұйымдастырылады.
  • Барлық мамандықтар бойынша модулді жүйенің енгізілуі
  • Қалыптасқан дәстүр бойынша, жылда, 2015 жылдан бастап, колледжде «Ең үздік түлек» атты сайыс жүргізіледі. Осы сайыстың нәтижесімен колледждің үздік түлектері анықталынып 1000 АҚШ $ көлемінде ақшалай марапатталынады.
  • Материалды-техникалық базаның үздіксіз жаңартылуы, электрмен қамтамасыз ету, өлшеу құралдары және релелік қорғаныс бойынша заманауи оқу стендтердің сатып алынуы.
  • Ай сайын колледжде бітіруші топтар студенттерімен келесі бағыттар бойынша тренингтер жүргізіледі: «Кайдзен» және «Тілдесудің кез келген жағдайында адамдарға ықпал ете білу». Мұндай тренингтерді жүргізу мақсаты студент-түлектердің холдингте жұмыс істей алу үшін тиімді адаптациялау және өндірісте өнімділікті жоғарылату.
  • Робототехника және инженерлік графика, үнемді өндіріс «Кайдзен» бойынша факультативтік сабақтардың жүргізілуі.
  • Жылда колледж базасында РФ ЖОО-на қабылдау емтихандары жүргізіледі.
  • ҚР БҒМ бағдарламасы бойынша модулдік тәсіл негізінде техникалық мамандықтардың оқытулы 100% тегін оқытылады.

Мамандықтар:

 

-0911000 – Электрлік және электромеханикалық құрылғыны техникалық эксплуатациялау, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)

Біліктілігі: Электромеханик

-901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)   (по видам)

Біліктілігі: Техник-электрик

-0902000 – Электрмен қамтамасыздандыру(салалар бойынша)

Біліктілігі: Техник-электрик

-1302000 – Автоматизация және басқару   (түрлері бойынша)

Біліктілігі: Өнеркәсіптік электронщик

Қабылдау сынақтары және оқу мерзімі

- 9 сынып базасында: қазақ/орыс тілі, математика, 3 жыл 10 ай.

- 11 сынып базасында: қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, 2 жыл 10 ай.

 

-1401000 – Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану (салалар бойынша). Біліктілігі: Техник-құрылысшы

Вступительные испытания и срок обучения

- на базе 9 кл.: казахский/русский язык, математика, 3г. 6 мес.

- на базе 11 кл.: казахский/русский язык, история Казахстана, математика, 2г. 6 мес.

 

0518000 – Учет и аудит (по отраслям)

Квалификация: Экономист-бухгалтер

Қабылдау сынақтары және оқу мерзімі

- 9 сынып базасында: қазақ/орыс тілі, математика, 2 жыл 10 ай.

- 11 сынып базасында: қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, 1 жыл 10 ай.

 

 

Мекен жайымыз: ОҚО, Кентау қ., Ш. Уалиханов көш.,29

Тел.факс.: 8(725 36) 3-96-30 8(725 36) 3-96-28

E-mail: ktz.kollege@mail.ru

Әлеуметтік желілер:

VK:Kentau polytechnic college

Facebook: Kentau polytechnic college