ҰБТ-ның жаңа форматы

«Казақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғылымның үлесі»

05 ақпан 2017

2017 жылдың 6 ақпанында ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға орайластырылған «Казақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғылымның үлесі» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді. 

Күн тәртібінде Елбасының Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бес басымдықтарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау ұшін Қазақстан ғылымының алдында тұрған мақсаттарын талқылау:

  • экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы;
  • бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;
  • макроэкономикалық тұрақтылық;
  • адами капитал сапасын жақсарту;
  • институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресу.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қ. ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел жұмысының басталу уақыты 2017 жылдың 6 ақпаны,  сағ.15.00

Мекен жайымыз: 010000, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13/5,

ҚР ҒБМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы»,

Мәжіліс залы, 2 қабат. 

Анықтама телефондары:

+7 (7172) 707-525; 707-526;

e-mail: info@biocenter.kz.