Новый формат ЕНТ

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі»

21 шілде 2017

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы  – білімнің үлесі» Республикалық педагогтар қызметкерлердің 2017 жылғы тамыз конференциясының Пленарлық отырысы

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық педагогтар қызметкерлердің 2017 жылғы тамыз конференциясының Пленарлық отырысына арналған баспасөз конференция өтті. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын ОРСАРИЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметінің директоры Шолпан КАРИНОВА, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан ОСПАНОВА, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар ТЫНЫШБАЙҰЛЫ қатысты.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – бұл педагогтер үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға  есеп беретін дәстүрлі оқиға.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сонымен бірге  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде басқару мен инновациялар проблемаларын талқылау, білім беру саласын жаңғырту үшін әдістемелік ұсынымдамалар әзірлеу үшін сұхбат алаңына айналады.

Конференция аясында тамыздың 7-нен 21-не дейін Назарбаев Университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында және республика өңірлерінде білім беру жүйесінің түрлі салалары бойынша секциялық кездесулер ұйымдастырылады. Пленарлық және секциялық отырыстардың  қорытындылары бойынша ұсынымдамалар қабылданады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығымен бірлескен EduTech білім беру жобасының старт-апы іске қосылады. Байқаудың мәресі Республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында өтеді.

Пленарлық отырыстың бағдарламасы төрт блоктан тұрады:

1 блок: - TEDx «Таратуға лайықты идеялар» форматына арналған көпшілік және ғылыми-танымал спикерлердің баяндамалары.

2 блок: - білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын жетілдіру бойынша EduTech білім беру старт-ап жобалардың республикалық байқауы.

3 блок: - кейіннен әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы тарату үшін білім беру саласындағы микрофильмдерді көрсету.

4 блок: - білім беру жүйесі жетістіктерінің көрмесі.

Ұйымдастырушы: ҚР «Атамекен» ҰКП және «Болашақ» Ассоциациясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Өткізу күні мен уақыты: 2017 жылғы 22 тамыз, сағат 10.00-де.

Пленарлық отырысты өткізу орны: Астана қ. ЭКСПО-2017 павильоны.

Положение о конкурсе и форма заявки