Новый формат ЕНТ

Қазақстандық делегация ДЭФ сарапшыларымен келіссөз жүргізді

21 сәуір 2017

Ағымдағы жылғы 18 сәуірде Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) қазақстандық делегация ДЭФ сарапшылары: экономист және бәсекеге қабілеттілік пен тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Роберто Кротти, экономист Сальваторе Френи мен Еуразия мемлекеттерінің үйлестірушісімен келіссөз жүргізді.

Қазақстанның атынан ҚР-дың Швейцария Конфедерациясындағы   елшісі Ж.С.Айтжанова, Тұрақты Үкіметтің БҰҰ-дағы және Женева қаласындағы басқа халықаралық ұйымдардағы Кеңесші-Уәкілі Д.Н. Кабиева, ҚР елшілігінің атташесі А Бекжанов, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті С.Ә.Ырсалиев және АТО Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Ә.З.Мұхаметжанова өкілдік етті.

Халықаралық сарапшылармен ЖБИ-нің «Бастауыш біліммен қамту» көрсеткішінің әдістемелік мәселелері талқыланды. ДЭФ сарапшылары бірінші сыныпқа барған 6 жастағы балаларды және 5-сыныпқа өткен 10 жастағы балаларды бастауыш біліммен қамтуда есептемейді (86,3%). Нәтижесінде Қазақстан бұл көрсеткіш (86,3%) бойынша ЖБИ-2016 рейтингінде дүниежүзінің 138 мемлекетінің ішінде 118-орынға ие болды. Бұл кезекте, бүгінгі танда Қазақстанның барлық балалары іс жүзінде бастауыш білім алады.

ДЭФ сарапшылары Қазақстанның дәлелдерімен келісіп, ЖБИ көрсеткіштерін есептеу әдістемесін нақтылағанда, біздің пікірді есепке алу туралы келісімге келді. ДЭФ, сонымен бірге, Қазақстанның делегациясын ЖБИ рейтингінің тұжырымдамасын қайта қарастыруды жоспарлағаны туралы да ақпараттандырды. ДЭФ бұл мәселе жөніндегі қорытынды шешімін ағымдағы жылғы шілдеде мәлімдейді.