Новый формат ЕНТ

Қазақстан Республикасының кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

19 шілде 2017

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру 

 

Конкурс тақырыбы:

2017/2018 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылы министрлігі

    Пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 645 кабинет

    Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-25-26, 74-25-27

 

Конкурс туралы ақпарат:

    Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 19 шілдедегі № 341 «2017/2018 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық европалық желілердің толық құқықты мүшелері болып табылатын және білім саласындағы уәкілетті органның тізбесіне енген, шетелдік немесе ұлттық аккредитациялық органдардың халықаралық аккредитациясынан өткен, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қатыса алады.

    Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық тапсырыста келесі құжаттар болу қажет:

  1. Жоғары оқу орнының тапсырысының формасы;
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы;
  3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы;
  4. 2017/2018 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұқсасын https//infomap.testcenter.kz. Ұсынылған құжаттарға жоғары оқу орнының бірінші жетекшісінің қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар желімделген конвертте көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел к-сі, 8, «Министрліктер Үйі», 11 кіреберіс, 645 кабинет.

Конкурсқа тапсырыстарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты:                           2017 жылғы 21 шілде, сағат 17.30. (Астана қ. уақытымен).