ҰБТ-ның жаңа форматы

Ғылым комитетінде ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа үмітті жұмыстар іріктеледі

06 маусым 2017

2017 жылдың 8 маусымында 16:00-де Ұлттық кітапханада 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын үйлестіру Комиссиясының отырысы өтеді.

Екі жылда бір рет үйлестірілетін Әл-Фараби атындағы ғылым жіне техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің мемлекет және қоғам алдындағы еңбегін бағалайтын жоғары деңгейдегі сыйлық болып табылады.  

Аталмыш отырыста 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына үмітті жұмыстардың одан әрі байқауға қатысуы үшін алдын ала іріктеуі өтеді. Секция төрағалары мемлекеттік сыйлыққа үмітті жұмыстардың мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын және секция ұсынстарын қарастырады. Сонымен қатар алдағы байқауға қатысатын және БАҚ жарияланатын жұмыстарды бекітеді.

Мемлекеттік сыйлыққа үмітті 24 жұмыс келесі секциялар бойынша тапсырылды: биологиялық және ауылшаруашылық ғылымдары, медицина ғылымдары, экономика ғылымдары, физико-астрономиялық ғылымдар, тарихи-археологиялық ғылымдар, техникалық және технологиялық ғылымдар мен жер және металлургия туралы ғылымдар.