ҰБТ-ның жаңа форматы

Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының форумы

29 маусым 2017

2017 жылғы 24 маусымда Еуропа Одағы және Орталық Азия білім министрлерінің екінші кеңесі барысында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен бірлесіп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің базасында Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізді.

Форумның мақсаты – Орталық Азия мен ЕО елдері оқу орнындарының одан әрі дамуындағы болашағын анықтау және тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары білімді реформалаудың үздік тәжірибесін трансляциялау болып табылады.

Іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан ҚР БҒМ Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры – Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки. Ол өз сөзінде Қазақстанның білім беру кеңістігінде Еуропа Одағы және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы туралы баяндап берді.

Форумның барысында 4 шетелдік сарапшылардың баяндамалары тыңдалды: Альберта колледжінің басқарма мүшесі - Анна Салтыкова (Латвия), Бухарест политехникалық университетінің ректоры - Михнея Костою (Румыния), Пенсильвания мемлекеттік университетінің жаһандық коммуникация менеджері - Влад Лихолетов (США), Халықаралық білім бойынша Америкалық кеңесі бағдарламалары менеджері - Адриан Эрлингер (США).

Сондай-ақ, іс-шара өткізу барысында 7 қазақстандық сарапшылардың баяндамалары тыңдалды: ҚР жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті - Рахман Алшанұлы Алшанов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры - Ерлан Батташұлы Сыдыков, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры - Серик Мауленұлы Омирбаев, Халықаралық бизнес университетінің вице-президенті - Марчина Душински, Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі - Шайзада Өмірзакқызы Тасбулатова, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ Аккредиттеу орталығының директоры - Шыңғыс Құлбекұлы Ергөбек, Назарбаев университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры - Әлия Бақытқанқызы Каймолдинова.

Жалпы алғанда, форумда 11 баяндама оқылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.