ҰБТ-ның жаңа форматы

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру » мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы болып өтті

12 сәуір 2017

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру » мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы болып өтті

ҚР БжҒ министрлігінің жетекшілігімен көптеген жылдар бойы ауқымды студенттік жоба - әртүрлі мамандықтар бойынша республикалық  студенттік олимпиадалар өткізу жүргізілуде. 

Осы жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да болып өтті.  

Олимпиада да Республиканың 12 жоо-нан 35 студент қатысты:

Олимпиада 4 пән бойынша өтті:   есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру, компьютерлік желілер, нысанды-бағдарланған бағдарламалау, интернет технологиялар.

 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша Республикалық  пәндік олимпиаданың   II турының қорытындысы бойынша жүлделі орындар алды:

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы - Жакупов Кайрулла Кайруллаевич, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы - Киркица Александр Максимович, Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы - Жүсіп Нұрбек Алмасұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Степанов Вячеслав Сергеевич, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Касымбек Нурислам Муратбекулы, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Макушев Владислав Владимирович, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жеңімпаздарды құттықтап алда табыстар тілейміз!