Новый формат ЕНТ

Е.Сағадиев Пәндік комиссия жұмыс істеп жатқан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де болды

09 наурыз 2017

Е.Сағадиев әр пән бойынша 2, 5, 7 -сыныптар үшін оқу-әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешен, оқулықтарға жүргізілген экспертиза нәтижелері қаралатын Пәндік комиссия жұмыс істеп жатқан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де болды. Министр ОМК, ОМҚ, оқулықтарға жасалып жатқан экспертизаның 3-кезеңінің өткізілу барысымен танысып шықты.  

Пәндік комиссия жұмысы 6 наурызда басталды және ағымдағы айдың 11-іне дейін жалғасады. Бұл жұмысқа «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық жүргізген ғылыми-педагогикалық экспертизаның жұмыс нәтижесі қабылданды (сондай-ақ бұл жұмысқа жоғары санатты педагогтар, әдіскерлер мен ғалымдар  тартылды). Сонымен қатар Пәндік комиссия еліміздің 16 облысында жасалған педагогикалық сараптама нәтижелерін (5 және 7-сынып оқулықтары), сол секілді, еліміздің 30 мектебінде өткізілген апробация, 2-сынып оқулықтарының апробация нәтижелерін қарастырады.

Комиссия құрамына педагогикалық корпус өкілдері, түрлі сұрақтар бойынша ғалым-практиктар кіреді. Ағымдағы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен комиссия құрамына еліміздің Парламент депутаттары мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері шақырылды.  

Оқулықтардың қаралу үстіндегі жобалары «Оқулық» ҒТО-ның ресми сайтында жарияланған (2016 жылдың қыркүйегінен бастан 2-сынып, қараша айынан бастап 5 және 7-сыныптар).

Пәндік комиссияның жұмысы нәтижесінде 2-сыныптар үшін оқулықтар,  5 және 7-сыныптарға арналған балама оқулықтар, ОМК және ОМҚ – барлығы 230 оқулық таңдалады. Пәндік комиссия  таңдаған оқулықтардың экспертиза нәтижелері республикалық комиссияға беріледі.   

Оқулықтар, ОМК және ОМҚ-ларға өзгерістер (түзетулер) енгізу мүмкіндігі тиражға берілгенге дейін сақталады.