ҰБТ-ның жаңа форматы

ENACTUS Кazakhstan National Expo 2017 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновация Ұлттық кубогы

04 мамыр 2017

2017 жылғы 27-28 сәуірде Алматы қаласында ENACTUS Кazakhstan National Expo 2017 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновация Ұлттық кубогы өтті.

Ұлттық жарыстардың финалдық кезеңің Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы келіп тамашалады.

Жарыстардың нәтижесі бойынша Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті командасы жеңімпаз атанды. «КазГЮИУ студенттік бизнес инкубаторы» мүшелері ENACTUS КазГЮИУ командасы ШҚО ауылдарында жұмыссыздық проблемаларын шешу, тұрғылықты жері жоқ адамдарды фермаларға жұмысқа орналастыру, Семей қаласының жасөспірімдеріне арналған «ерлік мектебі» және «төтенше жағдайларда аман қалу мектебін» құру жобаларымен жеңімпаз атанды.

Enactus КазГЮИУ командасы 2017 жылы 26-28 қыркүйекте Лондон қаласында өтетін ENACTUS World Cup 2017 әлем кубогында Қазақстан намысын қорғау құқығына ие болды.

ENACTUS-тың негізгі идеясы болашақ бизнес көшбасшыларын дайындау болып табылады. ENACTUS бағдарламасы арқылы ЖОО - студенттері әлеуметтік-бағдарланған компаниялардың жұмысын құру, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға үйренеді.

Жарыстарда 30 ЖОО Enactus командалары қатысты. Олар 90-нан астам жүзеге асырылған бизнес-жобаларын ұсынды.

Әрбір команданың бизнес идеясы әлеуметтік бағыт алуға тиіс және БҰҰ-ның тұрақты даму 17 мақсатының бірін шешуге тиіс.