ҰБТ-ның жаңа форматы

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қатысуымен семинар өтуде

17 сәуір 2017

2011 жылы қыркүйек айында Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы  Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (бұдан әрі - ТІКА) мен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды, 2016 жылы жаңартылды.

Аталған Меморандум шеңберінде 2012 -2016 жылдар аралығында екі жақты 400-ге тарта техникалық және кәсіптік білім саласының қызметкерлері тағылымдамадан өтіп,  тәжірибе алмасты.

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім саласының қызметкерлері агрономия, ветеринария, аспаз, тігінші, шаштараз ісі, дизайн, құрылысшы, туризм, автомобиль жөндеу, есептеу техникасы, ақпараттық технология, менеджмент  мамандықтары бойынша Стамбул қаласының кәсіптік білім беретін оқу орындарында іс-тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтті.

Сонымен бірге ТИКА-ның қатысуымен бінеше ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды және өткізілді.

Жыл сайын 14-15 адам Түркия Рреспубликасының қызметкерлері (министрлік өкілдері, оқу орындары қызметкерлері) тәжірибе алмастыру үшін Қазақстанға келеді.

Ынтымақтастық шеңбері кеңеюде. ТИКА «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» Халықаралық форумын,  WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатын (бұдан әрі – WSK)  өткізуге демеушілік көрсетті.

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі еліміздің адами ресурстарының бәсекелестігі мен мобильдігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Елімізде мемлекеттің белсенді қатысуымен техникалық және кәсіптік білімді жан-жақты жаңғыртужұмыстары жүргізілуде.  Қажетті ресурстар бөлініп, оларды тиімді пайдалану жолдары қарастыруда.

Оның мазмұнының құрылымын және материалдық-техникалық базасы жаңартуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Астана 0аласы Білім басқармасымен бірге өткізіліп жатқан бүгінгі семинар   ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде, сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім саласында ынтымақтастықты дамытуға арналған.

2017 жылғы 18-29 сәуір аралығында Қоғамдық тамақтандару, Қонақ үй қызметі салалары бойынша  Түркия Республикасының 5 жоғары білікті өндірістік оқыту шеберлері мастер-кластар өткізетін болады.

Осы шараға қатысу үшін республиканың 16 өңірінен 100 техникалық кәсіптік білім саласының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары (аспаз, кондитер, официант, бармен, қонақ үй ісі) келді.