ҰБТ-ның жаңа форматы

Дөңгелек үстел: «Қазақстанға білім алу мақсатында көшіп келу: Білім және ғылым министрлігінің кезекті міндеттері»

24 маусым 2017

2017 жылғы 24 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы шеңберінде «Қазақстанға білім алу мақсатында көшіп келу: Білім және ғылым министрлігінің кезекті міндеттері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Оған әлемнің 40 елінен келген 85 этникалық қазақ делегаты қатысты.

Бүгінгі күні қазақстандық колледждерде 1305, ал жоғары оқу орындарында 2620 Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ жастар білім алуда.

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім алуға мемлекеттік білім гранттары жыл сайын бөлінуде. Мысалға, 2016 жылы 1400 грант бөлінді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу, білім алу туралы құжаттарды нострификациялау, виза алу және қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, бірқатар қандастарымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық марапаттарымен, соның ішінде «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.