ҰБТ-ның жаңа форматы

«Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференциясы өтті

19 маусым 2017

ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру тұрғысынан «Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференциясы өтті.&

Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты.

Мейіржан Алпысбай сөйлеген сөзінде атап өткендей, жаңа экономикалық саясат пен мемлекетті жаңғырту басымдықтары жағдайында Қазақстан үшін елдің сапалы әлеуетін арттыру және тиімді кәсіби ресурсты қалыптастыру ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған байланысты, «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы озық тәжірибе мен білімді үлгі алу республикада басталған Жаңғыртудың үшінші толқыны тұрғысынан да басым болып қалатынын мекеме басшысы атап өтті. 

Мейіржан Алпысбай ОКҚ-дағы брифингте сөйлегенде: «Болашақ» халықаралық стипендиясы білім беру салысындағы қазақстандық алғашқы серпілісті жобалардың бірі болып, кәсіби мамандарды даярлау жүйесі ретінде елдің кадрлардағы өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне толық бейімделуге ұмтылуда. Бағдарлама маңызы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институттық реформалары, елдің  индустриалды-инновациялық дамуы және Мемлекет басшысының «Жаңғырту 3.0» жолдауында белгіленген «адами капитал сапасын жақсарту» бойынша міндеттер аясында нығаяды, – деп атап өтті.

Білім және ғылым министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Жаңғырту 3.0» іске асыру шеңберінде «Болашақ» стипендиясын әкімшілендірудің бірқатар негізгі параметрін қайта қарастырды.

23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің даңа қағидалары қабылданды, сондай-ақ конкурстық іріктеу рәсіміне өзгерістер енгізілді. 

Бірінші. IELTS 6.5 және одан жоғары сертификаты, сондай-ақ GPA 3.3 және одан жоғары дипломы бар тұлғалар үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды. Осы санат магистр дәрежесін алу үшін стипендиаттардың басқа санаттарымен қатар, 2 айға дейінгі мерзімде оқу алдындағы даярлықтан (pre-master's) өту мүмкіндігін береді. 

Екінші. Академиялық бағдарламалар (магистратура, докторантура, резидентура) үшін үміткерлердің барлық санаттарына бакалавр немесе маман дипломының орташа балына қойылатын талаптар 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді.

Үшінші. «Магистратура» бағдарламасы бойынша үміткерлердің барлық үлестік санаттары үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің өлшемшарттары IELTS жүйесі бойынша 5.0 балдан 5.5 балға дейін көтерілді. Сонымен, «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде – IELTS 5.0 қалады.

Төртінші. Стипендия тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсіміне өзгерістер енгізілді. 2017 жылдан бастап конкурс 6 (алты) кезеңнен тұратын болады:

Бірінші кезең – үміткерлерді уәждемелік және ұсыным хаттар бойынша әзірленген өлшемшарттарға сәйкес алдын ала іріктеу.

Екінші кезең – үміткердің шет тілін білуі деңгейін анықтау.

Үшінші кезең – үміткердің мемлекеттік тілді білуі деңгейін анықтау.

Төртінші кезең – үміткерлерді психологиялық диагностикадан өткізуді, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен тарихын білуін тестілеуді қамтитын кешенді тестілеу.

Бесінші кезең – Тәуелсіз сарапатамалық комиссиямен жеке әңгімелесу, онда үміткерлердің кәсіби даярлығы деңгейі, сондай-ақ мамандану бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білуі бағаланады.

Алтыншы кезең – ҚР Мемлекеттік хатшысы төрағалық ететін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытынды материалдарды қарауы.

Тағылымдамадан өту жөініде. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2017 жылғы 13 наурыздағы шешіміне сәйкес  бағдарлама шеңберінде тағылымдамадан өту үшін «ғылыми қызметкерлер» және «Астана» халықаралық қаржылық орталығы қызметкерлері» санаттары белгіленді.

Алтыншы. Жұмыс өтелімінің өңірде 3 жылдық баламалы мерзімімен, Астана мен Алматы қалаларындағы жұмыс өтелімінің 5 жылының орнына, «орталық-өңір» үлгісі бойынша сараланған тетігі енгізілді. Осы тетік түлектердің барлық санаттарына қатысты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қаулысымен жарияланды. 24 жыл ішінде экономика және әлеуметтік сала секторларындағы ұлттық еңбек нарығы үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша 9,5 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды, оның ішінде ел өңірлері үшін 4000 инженерлік-техникалық қызметкер, 2000 астам білім саласындағы маман және шамамен 700 жоғары білікті дәрігер.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет: +7 (7172) 24 93 99, 24 93 97 (www.bolashak.gov.kz)