ҰБТ-ның жаңа форматы

«Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары

06 маусым 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика»   пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. 

Курстардың мақсаты – аталған пән мұғалімдерін ағылшын тіліне және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздеріне үйрету.

Курстар ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап «Билингвалды пән мұғалімі» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС-мен республиканың  23 өңіріндегі 1587 мұғалім үшін жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда курстың 1 кезеңі аяқталып, 1587 мұғалім A1 деңгейіндегі ағылшын тіліне оқыту (120 академиялық сағат) курстарын бітіргені жөніндегі сертификаттарын алды.

Курс 480 академиялық сағаттан тұрады және ағылшын тіліне үйретудің
4 кезеңін қамтиды:

1 кезең (бастапқы деңгей): A1 деңгейіндегі ағылшын тіліне оқыту
(120 академиялық сағат);

2 кезең (қарапайым деңгей): A2 деңгейіндегі ағылшын тіліне оқыту
(144 академиялық сағат);

3 кезең (еркін деңгей): B1 деңгейіндегі ағылшын тіліне оқыту
(144 академиялық сағат);

4 кезең:  Пәндік курс: терминология және ағылшын тілінде оқыту негіздері
(72 академиялық сағат).

Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар  CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша тілді меңгеру деңгейі көрсетілетін халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болады.

Курстар аяқталғаннан кейін пән мұғалімдері:

- ағылшын тілін меңгеру деңгейін тілдік құзыреттіліктің жалпыеуропалық шкаласына (CEFR) сәйкес B1 деңгейіне дейін арттыратын болады;

- өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде игеретін болады;

- ағылшын тілінен сабақ беру үшін біріктірілген пәндік-тілдік оқыту (CLIL)  әдістемесін қолданатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

8 776 008-78-29, ustazinformation@gmail.com