Новый формат ЕНТ

Астана қаласында Қазақстан-Израиль бизнес-форумы өтті

15 желтоқсан 2016

2016 жылдың 14-желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан-Израиль бизнес-форумы өтті. Оған екі елдің ресми тұлғалары және іскерлік қауымдастығы қатысты. Форум шеңберінде өзара түсіністік туралы екі жақты Меморандумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан Вице-министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылова және «YR-Mitrelli» компаниясы тарапынан Президент Хаим Таиб және атқарушы директор Йосеф Рафаелов қол қойды.

Меморандум мақсаты ортақ қазақстан-израиль инновациялық технологиялар орталығын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатындағы ынтымақстастық, орталық құрамына израильдік университеттердің білім беру технологияларын және әдістерін қолдана отырып жоғары білікті жұмысшы мамандарды, қолданбалы бакалаврларды даярлауға арналған колледж кіреді.

Сонымен қатар, форум шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сағат Әкімжанұлы Аппаевтың Globisens компаниясының Вице-президенті Алексей Хамидуллинмен кездесуі өтті.