ҰБТ-ның жаңа форматы

Астана қаласы бойынша Ұлттық Бірыңғай тестілеу бойынша ақпарат 2016-2017 оқу жылы

27 маусым 2017

2016-2017 оқу жылын бітірген 4978 түлектердің 4526 оқушысы ҰБТ тапсыруға өтініш берді.

ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушылар саны – 210 (4,9%), соның ішінде – 78 шетелге оқуға түсті, 31 оқушы денсаулығына байланысты, 15 – өтініш бойынша, 49 оқушы – босатылған халықаралық олимпиада жеңімпаздары және Назарбаев Университетке түскен 37 оқушы.

Астана қаласы бойынша жоғары балл жинаған қатарында:

140 мүмкін баллдан 137 балл алған – «Нұр Орда» мектеп лицейінің түлегі - Алтынай Әмірхан. 135 балл жинаған 4 оқушы бар. Олар - Юлия Лапенко (№6 мектеп-гимназиясы), Фариза Оразбекова (№50 мектеп лицейі), Тоғжан Оразаева (№65 мектеп-гимназиясы) және Тұрсынай Абельдинова (№4 мектеп-гимназиясы).

1171 оқушы 100-ден жоғары балл алып отыр. Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсырушылардың орташа – 84,65 баллды құрайды.

Биыл ҰБТ жаңа форматта өткенін айтып кеткен жөн. Егер осыдан алдын тестілеу аттестат алып, жоғары оқу орнына түсу жолдамаса ретінде қаралса, қазір ондай бағалау жүйесі қарастырылмайды.

Осы жолы оқушылар мектепте қорытында аттестациядан өтіп, ҰБТға өз еркімен өтініштерін берген болатын. Бұл өз кезегінде оларға отандық оқу орнына түсіп, грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін болады.

213 «Алтын белгі» иегерлерінің 142 түлегі ҰБТ-ға қатысты. Қалған оқушылары – жоғары оқу орындарының грант иегерлері.

ҰБТ кезінде әр пунктте аппеляциялық комиссия жұмыс жасады. Түскен 158 өтініштің 19 өтініші оң жауаппен оралды.

ҰБТ кезінде дәрісханадан шығарып немесе тестілеу парағын жарамсыз деп тану оқиғалары болған жоқ.