Новый формат ЕНТ

Алматы қаласында білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі секциясы өтеді

19 шілде 2017

Алматы қаласында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы

 білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» білім беру ұйымдар қызметкерлерінің Республикалық тамыз

педагогикалық кеңесі секциясы өтеді

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім берудің үлесі» Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің секциясын өткізеді.  

Секцияны өткізу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталған қосымша білім беру жүйесінің қызметі және оны әрі қарай дамыту келешегін талқылау жоспарлануда. 

Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым,  Мәдениет және спорт, Дін істері және азаматтық қоғам, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады.

Қосымша білім беру жүйесін сақтау және жаңғырту сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен  қарым-қатынас үшін ашық алаң құру секцияның мақсаты болып табылады.

Бүгінгі күні республикада балаларға қосымша білім беру бойынша қажетті заңнамалық және нормативтік құқықтық база құрылған.

Мектептен тыс қызметті 70 мыңға жуық педагогтер (мектептен тыс ұйымдарда 19 мың және мектептерде 50 мыңнан астам педагогтер) қамтамасыз етеді. 1285 мектептен тыс ұйымдар (32,5%), 52 мыңнан астам мектеп үйірмелері (33,3%) қызмет атқарады. Балалардың жалпы қамтылуы 65,8%-ды құрайды.

Өнер, музыка және көркемөнер мектептерінің 80-нен астам білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылды, қосымша білім беру ұйымдары үшін жаңа педагогикалық технологиялар қолданылған 35 бейнесабақ дайындалды, техникалық, туристік-өлкетану, көркем-эстетикалық бағыттар бойынша республикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда, республиканың мектептен тыс 11 ұйымының үздік тәжірибесі жалпыланып енгізілуде.

Секция барысында патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану, балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бойынша қосымша білім беру педагогтері жұмысының тиімді тәжірибесі ұсынылатын болады, қосымша білім беру жағдайда ғылыми-адамгершілік құндылықтарды, бала тұлғасының әлеуметтенуін қалыптастыру және басқа да сұрақтар қарастырылады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінің маңызды аспектілерін талқылау бала құқықтарын қамтамасыз етуге, дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге, әр түрлі қызығушылықтарды қанағаттандыруға, олардың сабақтан тыс қызметінде уәждемелік әлеуеттерін дамытуға бағытталған  басымдықтарды анықтауға көмектеседі.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша қосымша білім берудің алдағы басым бағыттарын, сондай-ақ, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды анықтайтын қорытынды ұсынымдар әзірленеді.

Өткізу күні мен уақыты: Алматы қаласы, Достық көшесі, 24, Оқушылар сарайы, 2017 жылғы 7-8 тамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады:

+7 (7172) 249-312; e-mail: irumcdo@mail.ru