Новый формат ЕНТ

Ә.Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық химия олимпиадасының қорытындысы

14 сәуір 2017

Павлодар қаласында 2017 жылғы 11-13 сәуір күндері  өткен білім додасында Қазақстанның 9 аймағынан, Алматы және Астана қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Ресей Федерациясының Новосібір, Омбы ққ., Татарстан және Саха (Якутия) Республикаларынан құрамында 68 оқушы бар 19 команда бақ сынасты. Қатысушылардың арасында 10 халықаралық, 40 республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және үш жыл қатарынан қатысқан 11 оқушы болды. 

Химия олимпиадасы  Павлодар облысының тумасы, қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстанның химия ғылымы негізін қалаушы академик Әбікен Бектұровтың құрметіне үшінші жыл өткізіліп отыр.

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген олимпиаданың теориялық кезеңінің тапсырмалары 6 есептен құралып, орындауына 5 сағат берілді. Тәжірибелік кезең Инновациялық Еуразия Университеті инновациялық технологиялар орталығының химия зертханасында өтті.

Екі кезең қорытындысы бойынша Ә.Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  атағына  келесі оқушылар ие болды:

І орын – Шығыс-Қазақстан облысы білім–инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Гулмурод Пулот;

Алматы қаласы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Жандар Диас;

Астана қаласы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Әміре Нияз;

Жамбыл облысы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Серік Нұрасыл;

Алматы қаласы білім–инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Жүніс Әсем;

Павлодар қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Рахимов Темірлан;

ІІ орын – Қарағанды қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Құсайынбеков Мұхтар;

Алматы облысы, Есік қаласы А.Мәлкеев ат. қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы  Санабай Нұргелді;

Павлодар қаласы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смагулова Дарига;

Астана қаласы «НұрОрда»  лицейінің 11 сынып оқушысы Хомар Шыңғыс;

Қарағанды қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Дюсембаев Дамир;

Маңғыстау облысы №4 гимназиясының 10 сынып оқушысы Воробьев Евгений;

Жамбыл облысы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Жанысбай Бекзат;

Алматы облысы, Есік қаласы А.Мәлкеев ат. қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы  Бекалиев Ахмет;

Алматы қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Абитаев Жәнібек;

Алматы қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Ашимов Сұлтан;

ІІІ орын – Шығыс-Қазақстан облысы білім–инновация лицейінің 9 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан;

Жамбыл облысы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Айтмахамбет Әділжан;

Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Черданцев Владислав;

Семей қаласы білім–инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Серік Талғар;

Қарағанды қаласы қазақ–түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Нурпеисов Олжас;

Астана қаласының қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы  Қайратбек Абылай;

Павлодар қаласы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы  Сарсембай Амангелді; 

Ақтөбе қаласы қазақ–түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Есенгазин Азамат;

Саха (Якутия) Республикасы Якутск қаласы №26 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Павлов Сергей;

Павлодар Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Мельниченко Даниил;

«Ә.Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық химия олимпиадасының 2017 жылғы абсолюттік жеңімпазы» және «Үздік теоретик» атақтарын Шығыс-Қазақстан облысы білім–инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Гулмурод Пулот иеленді. 

«Үздік практик» атағына Павлодар қаласы қазақ–түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смагулова Дарига ие болды.

«Өзіндік шешу» номинациясы Алматы қаласы білім–инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Жүніс Әсемге табысталды.

Олимпиада ұйымдастырушыларының атынан І және ІІ орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ноутбук, ІІІ орын алған оқушыларға  монопод сыйға берілді.