ҰБТ-ның жаңа форматы

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcы өтеді

12 сәуір 2017

Астана қаласында Химия пәнінен оқушылардың дәстүрлі 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcы (ХМО, International Mendeleev Olympiad, IMO) өтеді. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында жоспарланған халықаралық шара ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа оқушылары арасында өткізіледі.

2017 жылғы 23-30 сәуір аралығында Астана қаласында химия пәнінен оқушылар арасындағы 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадасы (ХМО) өткізіледі.

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадасының ашылу салтанаты 24 сәуір 16.30-да «Назарбаев Университет» ДББҰ-ың  («Қызғылт сары түс залында») өтеді.

Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында «Орталық коммуникациялар қызметінде» Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары  журналистерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Олимпиаданың ашылу салтанатына арналған баспасөз мәслихатына ҚР Білім және ғылым вице-Министрі Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрлігі  Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директоры Жаңыл Жонтаева және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қирабаева Шолпан қатысады деп жоспарлануда. Баспасөз мәслихатына сондай-ақ 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ұйымдастыру комитетінің Төрағасы академик Ресей Ғылым Академиясының академигі Валерий Лунин, олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы, Мәскеу Мемлекеттік университетінің химия факультетінің профессоры, химия ғылымының докторы Валентин Ненайденко, ААҚ «ЕвроХим» Минералды-химиялық компаниясының қоғамдық байланыстар және коммуникациялар басқарма бастығы Владимир Торин қатысады деп күтілуде.

«Халықаралық Менделеев олимпиадаcы оқушыларға арналған интеллектуалдық жарыстардың арасында бірегейлігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні Химия олимпиадасы бүкілодақтық оқушылар олимпиадалары ішіндегі дәстүр мен құндылығын жоғалтпаған Халықаралық сайыстардың бірі болып табылады. Олимпиада өз  маңыздылығын жоғалтпайды. Бұл жолы да солай болатынына күмәнім жоқ, бәрі жақсы болады» - деп атап өтті өз сөзінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті химия факультетінің деканы Валерий Лунин.

Химия әлемінің қызығымен танысуға  ұлттық химия  олимпиадаларының 120 жеңімпазы мен жүлдегерлеріне қатысуға  мүмкіндік берілді. Астана қаласына жалпы саны 22 құрама команда келеді. Олардың ішінде Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия,  Грузия,  Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Сауд Арабия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина,  Түркия, Нигерия, Монғолия, Израиль мемлекеттері бар. 

2017 жылы "ЕвроХим" Минералды-химиялық компаниясы– минералды тыңайтқыштарды өндіруде жетекші өндіруші компаниясы 51-ші Олимпиаданың басты серіктесі болып отыр.   

Біз "ЕвроХим" компаниясына өскелең ұрпақтың  ең дарынды химиктердіне  мүмкіндік беріп, болашақ жетістіктерін қолдадағаны үшін алғысымызды білдіреміз,- деді М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің деканы Валерий Лунин.  Сондай-ақ ол: Бұл ғылымға және саланың дамуына қосқан баға жетпес үлес және болашаққа жол ашады, бұл жерде компанияның қандай жас мамандарды өздеріне таңдап алуы  маңызды емес. Ең бастысы оқушылардың  үздіктермен жарысып,  өздерін көрсетіп, өз деңгейлеріне лайықты жоғары оқу орындарына жолдама алуы!»,-деп атап өтті.

Олимпиада үш кезең бойыншар өтеді: екі кезең теориялық және біреуі практикалық кезең.

Жеңімпаздарға басты жүлделерден бөлек Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінші курсына емтихансыз қабылдануына мүмкіндік беріледі. 

Сондай-ақ 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ашылуы күні қатысушыларға және қонақтардың назарына әртүрлі жанрдағы әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат:

Баспасөз-мәслихаты 2017 жылы 24 сәуірде  Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4.  «Қазмедия» ғимаратында өтеді (Орталық Коммуникациялар қызметі).

Басталуы: 10.00-де.

Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ашылу рәсімі 24 сәуір сағат 16.30-де «Назарбаев Университет» ДББҰ-ың «Қызғылт сары түс залында» өтеді.

29 сәуір сағат 11.00 - де жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау  «Назарбаев Университет» ДББҰ-ың «Қызғылт сары түс залында» өтеді.

Аккредитация алуға мына мекен-жайға хабарласуға болады:

«Назарбаев Университет» ДББҰ-ың баспасөз-қызметі

                                                                                        pressa@nu.edu.kz

                                                                 Астана қаласы,

 Қабанбай Батыр даңғылы, 53

8 (7172) 29-52-67

8-707-247-79-30