ҰБТ-ның жаңа форматы

2017 жылғы 27 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

28 маусым 2017

2017 жылдың 27 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 913 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 899 (98,5%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 870, орыс тілінде – 29 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сегізінші күнінде 202 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 73,21.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өткізілді.