ҰБТ-ның жаңа форматы

2017 жылғы 26 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

27 маусым 2017

2017 жылдың 26 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2050 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 2034 (99,2%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 1820, орыс тілінде – 214 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күнінде 3629 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 76,56.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде.