Новый формат ЕНТ

2017 жылдың 1маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың қатысуымен брифинг өтті

01 маусым 2017

2017 жылдың 1маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтар қорғау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Е.Ерсаиновтың, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы А. Оспановтың, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Р.Иманқұловтың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің санитарлық -эпидемиологиялық жағдайын бақлауының басшысы М. Рахимжанованың қатысуымен брифинг өтті.

2017 жылдың 20 мамыр мен 15 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясы өтеді.

Халықаралық балаларды қорғау күнін кең мерекелеу әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттің назары мен қамқорлығы басым екенінің, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның халықаралық Бала құқықтары туралы конвенциясының ережелерін практикада жүзеге асыруға талпынысының дәлелі.

«НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясының мақсаты:

- елдің балғын тұрғындарының тұрмыс сапасын қамтамасыз бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, БАҚ-тың күшін біріктіру;

- әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын іске асыруға көмектесу;

-  балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау.

Аталған шараның қатысушылары - 3 миллионға жуық бала: мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен студент жастар.

«Бар жақсылық - балаларға» ұраны барлық мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде ұстанатын негізгі қағидат болып табылады. Республикалық акция ұлтына, жынысына, діни сеніміне, әлеуметтік мәртебесіне және тұратын жеріне қарамастан, әрбір балаға ерекше қамқорлықтың қажет екеніне қоғамның назарын аударуы тиіс.  Сонымен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға көңіл бөлу қажет. 

Акцияны іс-шаралары республиканың барлық өңірлерінде: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы  - адам құқығы», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» «Балалық шақты қорғайтын қоғам» «Табысты болу құқығы» «Өмір мен мансапты жоспарлау» тақырыптық бөлімдер бойынша өткізіледі

Жалпы алғанда, мерекелік іс-шараларға дайындық және оны ұйымдастыру «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруге тиіс», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» секілді құндылықтарды қоғамның санасына орнықтыруға, балаларды белсенді азаматтық ұстанымдарға тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, елінің жетістіктеріне үлес қосуына мақтан етуіне, өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдауда мінез-құлықтарды қалыптастыруға, Отанды сүюге, аман-сау және қорғалған балалық шақ үшін ересектердің жауапкершілігіне бағытталған.

 

Анықтама: республикада туғанынан 18 жасқа дейінгі бала саны 5 387 843. Мектепке дейінгі жастағы бала саны – 2 206 561, мектеп оқушылары – 2 918 350, 18 жасқа дейінгі оқушы және студент жастар – 262 932.