«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы

Жариялау күні: 19.10.2018 14:40:00

Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 645-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172)  742527.

Конкурс туралы ақпарат: 

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2018 жылғы 8 қарашадан 17 қарашаға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім;

2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;

5) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

6) жеке куәліктің көшірмесі;

7) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекен-жайы тіркеуден өткеннен кейін электрондық түрде құжаттарды толтыру туралы мәлімет (www.edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады. 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz