Жоба жайлы

Жариялау күні: 23.07.2018

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ 2-КОМПОНЕНТІНІҢ ІСКЕ
АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Осы компонент шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда, оның мониторингі және бағалануы бойынша техникалық көмек көрсету көзделген, оның ішінде: NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу тетіктерін зерттеу; жастар арасында волонтерлікті дамыту; жоғары сынып оқушылары мен ТЖКБ ұйымдарының студенттеріне қоғамдық пайдалы қызметке деген позитивті қатынасты дамыту мен өмірлік маңызы бар дағдыларды жақсартуға бағытталған бейне құралдар шығару; сондай-ақ жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру. 

I. NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу тетіктерін зерттеу (зерттеу, NEET санатындағы жастармен жұмыс бойынша нұсқаулық)

 NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

IIЖоғары сынып оқушылары мен ТжКБ ұйымдарының студенттеріне арналған бейне құралдар шығару

 

төмендегі сілтеме бойынша бейне әдістемелерді көріп, жүктей аласыз
https://www.youtube.com/playlist?list=PLPRuPCTg6hSYuHAGVjEtFVqIDri1aEpyv


III. Қазақстандағы жастардың қоғамдық пайдалы қызметке және волонтерлікке қатысуын арттыру

    төмендегі сілтеме бойынша Стратегия жобасымен таныса аласыз



IV. Жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру 

Бұл бағыт аясында халықаралық оқу-танысу сапарын ұйымдастыру және жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін өңірлік тренингтер өткізу бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Дегенмен, сапарға қатысуға жоспарланған негізгі тұлғалардың 2017 жылдың соңына дейінгі жұмыстан босамуына байланысты, бұл тапсырманы 2018 жылғы 2-тоқсанға шегеру жөнінде шешім қабылданды.

Сатып алу

Жоба бойынша есептілік



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz